Баласын жылу батареясына байлап, соққыға жыққан әйелдің ақыл-ойында кемістік бар деп танылды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2026 09:47 Фото: Zakon.kz
Жетісу облыстық соты Жаркентте баласын жылу батареясына байлап, аяусыз соққыға жыққан 28 жастағы әйелдің ақыл-ой кемістігі бар деп таныды, толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Еске салсақ, жаға ұстатарлық жағдай бір ай бұрын Жаркент қаласында болған. Суды өшірмеген төрт жасар баласын әйел жылу батареясына байлап, аяусыз соққыға жыққан. Ал, оқиғаның барысын әйелдің танысы таспалаған.

КТК дерегіне сүйенсек, 17 ақпанда сот әйелдің ақыл-ойында кемістік бар деп таныған, осылайша ана қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Әйел мәжбүрлі емдеуге жіберілді.

"Сараптамамен сотталушы іс-әрекет жасау кезеңінде өз іс-әрекетінің нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсіне алмайтындығы анықталды. Сот сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатты және оған жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданды", – деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Орынбасаров.

Бұған дейін ер адам экс-әйелімен болған жанжалдан кейін оның көлігін ұрлап кеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: