Атырау облысында жасөспірімді сыныптастары аяусыз соққыға жыққан

Атырау облысында 14 жастағы мектеп оқушысын сыныптастары қатыгездікпен соққыға жыққан. Нәтижесінде жасөспірім миы шайқалып, ауыр жарақат алған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мой город" басылымының жазуынша, оқиға Индербор ауылында болған. Бұл туралы қоғамдық бірлестік — "Құқық және Шындық" өкілдеріне зардап шеккен баланың туысы айтып берген. Оның айтуынша, соққыға жығу оқиғаcы мектепте болған. Жасөспірімнің жарақаты ауыр.
"Бала туыстарының айтуынша, бұл істі жауып тастағысы келіп отыр, себебі күдіктілер 16 жасқа толмаған. Олардың ата-аналары кешірім сұрап келіп жатыр, алайда зардап шеккен баланың отбасы кінәлілердің заң аясында жауапқа тартылғанын қалайды", – деп жазды басылым.
Атырау облыстық полициясы бұл факті бойынша тергеуді бастаған. Қылмыстық іс қозғалды. Соққыға қатысы бар жасөспірімдер ата-аналарының қатысуымен тергелетін болады. Қазір оқиғаның барлық жай-жапсары анықталып жатыр. Кінәлілер ювеналды полицияның есебіне алынуы мүмкін, олардың ісімен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия айналысады. Білім бөлімі де мектепте қызметтік тексеріс бастаған. Оның нәтижесіне қарай тиісті шаралар қабылданады. Ақпарат тиісті органдарға жолданған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript