Ақмола облысында үш жігіт үйді шатастырып, иесін соққыға жыққан

полиция үш кұдіктіні ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2022 17:15 Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысында жастар жеке үйдің аумағына қателесіп кіріп, үй иесін соққыға жыққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

17 шілде күні сағат 03:00 шамасында полицияға Шұбары ауылының 52 жастағы тұрғынынан хабарлама келіп түскен. Ол белгісіз үш адам оны ұрып-соққанын айтты.

Үш ер адам түнде Lada Priora көлігін жәбірленушіге тиесілі жеке үйдің қоршалмаған аумағына айдап кіріп, оны ұрып-соққан. Ақмола облысының ПД

Күдіктілер қамауға алынды. Айтуларынша, олар үйді шатастырып, үй аумағына қателесіп кіріп, үй иесімен әңгімелесу кезінде тараптар арасында жанжал туындаған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293 бабының 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: