Жаңалықтар тізбегі
0

Тәжікстан азаматы алматылық қызды соққыға жыққан

Тәжікстан азаматы алматылық қызды соққыға жыққан, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2024 13:25 Сурет: видео скрині
Алматыда СПА-салонға баса-көктеп кіріп, әкімші қызды соққыға жыққан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ол қарама-қарсы тұрған дәмханалардың бірінен СПА-салонға келіп, сыра құйып беруін сұрапты. "Алкоголь сатпаймыз" деген қыздың жауабына ашуланып, қолына түскен затты қызметкерге лақтырған.

"Сіңлімнен арақ сұраған. Арақ немесе сыра деген. Сіңлім "Бұл жерде алкоголь сатылмайды, шығыңыз" деген. Ол ақша ұсынып, "Сен жеңіл жүрісті қызға ұқсайсың, мен сені алып кетейін осы жерде күтемін" деп айтқан. Сосын сіңілім "Бұл жерден шығыңыз" деп айтқан кезде ол аузына келгенін айтып боқтаған. Басынан ұрып, шашынан тартып сүйреген". Жәбірленушінің әпкесі Дана Әлімсейітова

СПА-салонның 25 жастағы қызметкері басынан оңбай соққы алған. Алған жарақаты жүйке жүйесіне де әсер етіпті. Оқиға түнгі сағат 12 шамасында болыпты. СПА-салонда отырған клиенттер дер кезінде полиция шақырып үлгерген. Ер адам қазір қамауда. Тергеу кезінде оның Тәжікстан азаматы екені анықталған. Полиция сот-медициналық сараптаманың қорытындысынан кейін құқықтық баға берілетінін хабарлады.

"Шабуылға қатысты тергеу жүріп жатыр. Әйелді жарақаттаған ер адам қамауға алынды. Ол Тәжікстан Республикасының азаматы. Алған жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алматы полициясы мұндай қоғамға жат әрекетке жол берілмейтінін және қатаң жауапкершілікке тартылатынын ескертеді".Алматының Бостандық ауданы полиция басқармасының басшысы Нұрлан Нұрқасымов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: