Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда сүйіктісін соққыға жыққан ер адам сотталды

Павлодарда сүйіктісін соққыға жыққан ер адам сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2024 21:55 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда сүйіктісін соққыға жыққан ер адам сотталды. Салдарынан жәбірленуші әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар қаласының № 2 сотында ер адам әйелге қатысты ҚК 120-бабының 1-бөлігі, ҚК 107-бабының 1-бөлігі бойынша зорлау және денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтірді деген айыппен қылмыстық іс қаралды.

"Айыпталушы мен жәбірленуші алты ай бойы кездескен. Жалдамалы пәтердегі кезекті кездесуде олардың арасында жанжал туындаған. Сол уақытта айыпталушы әйел адамның басы мен денесіне соққылар жасап, құлағаннан кейін оны тұншықтыра бастаған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілгеннен кейін құқық қорғау органдарына жүгінді". Павлодар қаласы №2 сотының баспасөз қызметі

Соттың денсаулыққа зиян келтіру жөніндегі айыптау бөлігіндегі шешімі бойынша ҚІЖК-нің 340-бабы тәртібімен прокурорға аса ауыр жаңа айыптау актісін жасау үшін уақыт берілді. Сот жаңа акт жасалмау себебімен істі айыптау шегінде қарастыра келе, денсаулығына қасақана орташа зиян келтіргені үшін кінәлі деп тапты. 

Сондай-ақ, қарама-қайшы айғақтар, сараптамалардың теріс нәтижелері бойынша зорлау айыбы өзінің растауын таппағандықтан, ақтау туралы шешім қабылданды.

Сот  айыпталушының мас күйінде қылмыс жасау әрі жеке басының теріс сипаттамасын ескере отырып, ҚК-нің 1-бөлігінің 107-бабына сәйкес екі жылға бас бостандығынан айыру бойынша максималды жаза тағайындады.

Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ. Сол себепті, тараптар аталған қылмыс бойынша шағымдануы, наразылық білдіруі мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: