Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам сотталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2026 22:01 Сурет: Zakon.kz
Павлодарда кәмелетке толмағанды зорлаған ер адам сотталды. Сот үкімі бойынша айыпталушы өмір бойы педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған адамға қатысты зорлық жасау дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы бойынша сараланды.

Істің мән-жайы заң талабына сәйкес жария етілмей, сот отырысы жабық режимде өтті.

Сот барысында айыпталушының кінәсі жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, куәлардың айғақтарымен және сараптама қорытындыларымен дәлелденді. Жауаптылықты жеңілдететін мән-жай ретінде оның бұрын сотталмағаны ескерілсе, ауырлататын мән-жай ретінде қылмысты мас күйінде жасауы танылды.

Сот үкімімен Ш. кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Жазаны орташа қауіпсіз мекемеде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: