Атырауда жасөспірімдер арасындағы бопсалаудың алдын алу шаралары күшейтілді

Фото: Zakon.kz
Атырау облысында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері адам саудасының алдын алу және оның жолын кесу мақсатында жүйелі іс-шаралар жүргізуде.

Бұл ретте жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың, соның ішінде қорқытып алу фактілерінің алдын алуға баса мән берілуде.

Басқарма қызметкерлері қылмыстарды анықтап, жолын кесумен қатар, олардың алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударып келеді. Әсіресе кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық және түсіндіру шаралары күшейтілген.

Жыл басынан бері 1500-ге жуық жасөспірімге бопсалаушылықтың және өзге де құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында дәрістер, кездесулер, семинарлар мен түсіндіру шаралары ұйымдастырылды. Профилактикалық жұмыстар барысында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын сақтау маңызын түсіндіруге және жеке қауіпсіздік шараларын меңгеруге ерекше көңіл бөлінуде.

Сонымен қатар күмәнді жағдайлар туындаған кезде тиісті органдарға жүгіну тәртібі жан-жақты түсіндірілуде. Бұдан бөлек, ата-аналармен және білім беру ұйымдарының өкілдерімен бірлескен кездесулер өткізіліп, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқылануда.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы алдағы уақытта да адам саудасы, бопсалау және өзге де қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтуға өз үлесін қоса бермек.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

2026 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік кәсіпорындарда жаңа еңбек ережелері енгізіледі

Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес – сарапшылар дабыл қағуда

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Мұрағат ісі мен ветеринария мамандарына еңбек жағдайы үшін үстемақы белгіленді