Ақтөбе облысында мұғалімнің мәйіті табылды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақтөбе облысы Темір ауданында шаруашылық құрылыс нысандарының бірінен 23 жастағы тарих пәнінің мұғалімі өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty.tv телеарнасының мәліметінше, ер адамның денесін жұмысқа келмеген соң үйіне іздеп барған әріптестері анықтаған. Қазіргі уақытта оның қаза болу себептері полиция тарапынан тексеріліп жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құқық қорғау органдары суицид нұсқасын да жоққа шығармай отыр.

"2002 жылы туған жас жігіттің қаза болу фактісі бойынша Темір аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", – деп мәлімдеді өңір полицейлері.

Бұған дейін Алматы облысында әйелді иттер талап тастағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін