Қазақстанның авиациялық әкімшілігі әуе компанияларға Таяу Шығыс елдері үстінен ұшуға тыйым салды

Сурет: pixabay
2026 жылғы 28 ақпанда Қазақстанның авиациялық әкімшілігі отандық әуе компанияларға Таяу Шығыс елдеріне ұшуларды орындауға тыйым салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тыйымға Таяу Шығыстың алты елі ілінді:

"Таяу Шығыста қалыптасқан жағдайға және азаматтық авиация қауіпсіздігіне төнген жоғары қауіп деңгейіне байланысты Қазақстанның Азаматтық авиация әкімшілігі Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан елдерінің әуе кеңістігінде, ішінде және оған жақын аумақта ұшуларды арнайы өкім шыққанға дейін толық тоқтату туралы шешім қабылдады", делінген Қазақстанның авиациялық әкімшілігі хабарламасында.

Аталған нұсқау қазақстандық әуе кемелерін пайдаланушылар орындайтын барлық тұрақты және тұрақсыз жолаушылар, жүк және техникалық рейстерге қолданылады.

Сонымен қатар, 28 ақпанда Air Astana және FlyArystan әуе компанияларының ұшу кестесіне келесі өзгерістер енгізілді:

SCAT әуе компаниясының 28 ақпан және 1 наурыз күндеріне арналған кестесінде Таяу Шығыс бағытындағы рейстер жоқ.

Шетелдік әуе компанияларының (Qatar Airways, AirArabia, Air Arabia Abu Dhabi, Flydubai, JazeeraAirways, Air Cairo, Red Sea) өкілдіктерінің ақпаратына сәйкес, әуе компанияларының бас кеңселері және туроператорлармен бірлесіп іс-қимыл жоспары әзірленуде.

Ирандық әуе компанияларының кестесіне өзгерістер енгізілгені байқалады. Мәселен, QeshmAir әуе компаниясының 28 ақпандағы Таяу Шығыс бағытындағы рейстері тоқтатылды, ал Pars Air компаниясында 28 ақпан мен 3 наурыз аралығында рейстер көрсетілмеген.

Әуе компаниялары мен әуежайлар жолаушыларды кестедегі барлық өзгерістер туралыуақтылы хабардар ету үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде: хабарламалар SMS және e-mail тарату, мобильді қосымшалардағы push-хабарламалар арқылы жіберіледі, ресми сайттармен әлеуметтік желілерде жарияланады, сондай-ақ колл-орталықтар мен анықтамалық қызметтер арқылы хабарланады.

Жолаушыларға көмек көрсету мақсатында "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ базасында тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық қызмет атқаратын болады: тел. +7 7172 79 82 13; +7 7172 79 82 14;

+7 7172 79 82 15.

Рейстің мәртебесін анықтау үшін жолаушыларға келесі байланыс нөмірлеріне хабарласу ұсынылады:

Жолаушыларға рейстерінің өзекті мәртебесін алдын ала әуе компанияларының ресми сайттарынан тексеру ескертіледі.

Айта кетсек, 2026 жылдың 28 ақпанында Иранда жарылыстар болды. Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац әуе соққылары "Израильге төнген қатерлерді жоюға" бағытталғанын мәлімдеді. Иранға жасалған шабуылға АҚШ-тың да қатысы бары айтылды. Көп ұзамай АҚШ президенті Дональд Трамптың видео үндеуі жарияланды. Ол АҚШ кең көлемді операцияны бастағанын жариялады. Сондай-ақ Air Astana Таяу Шығысқа қатынайтын барлық рейстің тоқтатылғанын хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды