Алматыда жүк көлігінің жүргізушісіне көмектескен жігітті соққыға жықты – видео

Сурет: бейнежазба скриншоты
Алматыда жол үстіндегі жанжал топ болып шабуыл жасауға ұласты. Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жас жігітке жасалған шабуылдың бейнесі 2026 жылғы 27 наурызда әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Өжет ықшамауданында болған.

"Жігітті себепсіз ұрып-соқты. Ол фураға артқа жүруге көмектесіп жатқан", – делінген жазбада.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың жеке басы анықталған.

"Оқиғаға қатысушылардың барлығы жедел түрде анықталып, ұсталды. Әрқайсысының әрекетіне заң аясында нақты баға беріледі. Ешбір құқыққа қайшы әрекет жазасыз қалмайды", – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ақмола облысында жалған құжат жасамақ болған күдікті ұсталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова мерейтойын атап өтті: әншіге желіде күтпеген сұрақ қойылды

Отандық өндірісті қолдау: Президент тапсырмаларының орындалу барысы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Мөлдір Әуелбекова жеті жастағы ұлының арманын орындады

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды