Астанада "Tesla" автокөлігін басқарған 14 жастағы жасөспірім полицейлерден қашып кетпек болды – видео

Сурет: pixabay
Астанада полиция қызметкерлері рөлде 14 жастағы жасөспірім отырған автокөлікті тоқтатты. Ол қала ішінде қозғалу барысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық бұзушылықтар Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы тіркелген. Полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы заңды талаптарына жүргізуші бағынбай, қашуға әрекет жасаған.

Белгілі болғандай, көліктің ішінде онымен бірге тағы бір кәмелетке толмаған досы болған. Сондай-ақ, аталған жағдайдың алғашқы рет емес екені анықталды.

"2026 жылдың наурыз айында дәл осы автокөлікпен бұрын да бірнеше құқық бұзушылықтар, оның ішінде қауіпті маневр жасау деректері тіркелген. Алайда бұған дейін қолданылған шаралар тиісті нәтиже бермеген. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды",- делінген ақпаратта.

Аталған факті бойынша көлік құралын басқару құқығы жоқ тұлғаның басқаруы, сондай-ақ басқаруды құқығы жоқ адамға беру бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған. Мұнымен қоса, кәмелетке толмағанның заңды өкілдері бала тәрбиесі мен оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Полиция жүргізуші куәлігінсіз, оның ішінде кәмелетке толмағандардың көлік басқаруы – заңды өрескел бұзу болып табылатындығын және азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіріп, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Бұған дейін Алматыда екі күнде 2 мыңнан астам көлік айыппұл тұрағына қойылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі