Шығыс Қазақстанда адам өлтіруге оқталу фактісі тергелуде

Фото: pexels
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында адам өлтіруге оқталу дерегі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 8 сәуірге қараған түні белгісіз тұлғалар 21 жастағы жігітке арт жағынан оқ атқан. Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді, ал күдіктілер оқиға орнынан көлікпен қашып кеткен.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Екі күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және толық анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Хромтау қаласында 36 жастағы ер адамға полиция қызметкері оқ атқаны белгілі болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, ер адам полицейдің қарындасын балағаттаған.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев мәслихат сайлауына қатысты тапсырма берді

Атырау тұрғыны смарт-сағат үшін жанжал шығарып, үш жылға сотталды

Студент қыз сегізінші қабаттан құлап, аман қалды

Сабақтан қалу ерекше бақылауға алынады: Қазақстанда 21 қарашадан бастап жаңа ережелер енгізіледі

Ренат Айтаев президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды