Қазақстан экономикасы шикізаттық емес салалардың есебінен 3%-ға өсті

Фото: primeminister.kz
Қазақстан экономикасының өсуі 3% деңгейінде қалыптасты және бұл негізінен шикізаттық емес салалардың дамуы есебінен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 14 сәуірде Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.

Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңейтілген Үкімет отырысында экономиканың сапалы әрі тұрақты өсуін қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бергенін еске салды.

"Бұл міндет өңдеу өнеркәсібін дамыту, инвестициялық белсенділікті арттыру және өндірістерді технологиялық жаңғырту арқылы іске асырылып отыр. Бүгін біз 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын және республикалық бюджеттің орындалуын қарастырамыз. Осы кезеңде нақты ЖІӨ өсімі 3%-ды құрады. Маңыздысы — бұл көрсеткіш шикізаттық емес сектордағы тұрақты өсімнің, атап айтқанда өңдеу өнеркәсібі, көлік, құрылыс және сауда салаларының есебінен қамтамасыз етілді", – деді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, сыртқы экономикалық жағдайдың нашарлауына қарамастан, дәл осы шикізаттық емес сектор өзінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп отыр.

Айта кетейік, 2026 жылғы 13 сәуірде Олжас Бектенов көлік саласындағы президент тапсырмаларының орындалуын қатаң сынға алған болатын.

Қазақстан
Бектенов Олжас

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін