ІІМ жол қауіпсіздігін бақылауды күшейтті

Фото: akorda.kz
Бұған дейін хабарланғандай, процестерді цифрландыру аясында жолдағы бірқатар құқық бұзушылықты анықтау интеграцияланған ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік деректер базаларын пайдалану арқылы автоматты режимде жүзеге асырылады.

Бүгінде ІІМ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол жүрісіне қатысушылардың барлығы үшін тең жағдай қалыптастыру мақсатында бұл жұмысты жүйелі түрде күшейтіп келеді.

Айта кетейік, сақтандыру полисінің болмауы, сондай-ақ міндетті техникалық байқаудан өтпеу – әкімшілік құқық бұзушылық санатына жатады.

Қазіргі таңда республика бойынша әкімшілік өндірістердің біріңғай тізілімі жүйесімен интеграцияланған мемлекеттік деректер базаларының мәліметтерін пайдалану арқылы:

Цифрлық шешімдер жолдағы қауіпті әрекеттерді дер кезінде анықтауға, ықтимал салдардың алдын алуға және жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Жолда жүру қағидалары сақталған жағдайда ешқандай айыппұл санкциялары қолданылмайтынын атап өтті. Бұл жүйе жазалау үшін емес, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында енгізілген. Азаматтарды заңнама талаптарына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз: сақтандыру полисінің бар-жоғын алдын ала тексеріп, техникалық байқаудан уақытылы өтіп, жолда жүру қағидаларын қатаң сақтауға шақырамыз", — деп атап өтілді ІІМ-де.
Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі