Алматының бір ауданында тұрғындардың шағымынан кейін ауа сапасы тексерілді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматының Наурызбай ауданында атмосфералық ауаның сапасын тексеру нәтижесінде бірқатар көрсеткіш бойынша шекті мөлшерден асу тіркелді. Бұл туралы "Eco Almaty" ЖШС өкілдері хабарлады.

Кәсіпорын мәліметінше, азот диоксидінің концентрациясы 0,2 мг/м³ норма кезінде 4,410 мг/м³, бензол — 0,3 мг/м³ орнына 5,749 мг/м³, ал қалқыма бөлшектер (шаң) 0,5 мг/м³ норманың орнына 36,949 мг/м³ болған.

Ауа сапасына қатысты тексеру Наурызбай ауданы тұрғындарының ауаның нашарлауы, өткір иістер және өмір сүру жағдайына кері әсері туралы шағымынан кейін жүргізілді. Тұрғындармен кездесу 13 мамыр күні "Eco Almaty" ЖШС, экология департаменті, Наурызбай ауданы әкімдігі және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінің қатысуымен өтті.

Зерттеу барысында мамандар көміртек тотығы (CO), азот диоксиді (NO₂), күкірт диоксиді (SO₂), күйе, қорғасын, қалқыма бөлшектер, формальдегид, күкіртсутек, бензол және көмірсутектердің құрамын анықтады.

Жиналған материалдар қолданыстағы заңнама аясында қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін