Қазақстанның бірнеше өңірінде жаппай тінту мен ұстау жүргізілді: ІІМ себебін түсіндірді

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы мамыр айының екінші онкүндігінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелері синтетикалық есірткінің бірнеше аса ірі партиясын өткізудің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 21 мамыр күні, ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов аталған операцияға қатысты қосымша мәлімет берді.

2026 жылғы 21 мамырда бұл іс бойынша қосымша мәліметті Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов жариялады.

Алматы қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала тұрғыны ұсталып, одан екі килограмнан астам альфа-PVP синтетикалық есірткісі тәркіленді. Күдікті өз кінәсін мойындады.

Ең ірі мегаполисте тағы бір күдікті ұсталды. Жігіттің тұрғылықты жерін тінту кезінде шамамен бір килограмм синтетикалық есірткі мен психотроптық әсері бар заттар дәрілер тәркіленді.

Шығыс Қазақстан облысында интернет-дүкен кураторының тапсырмасымен өңірлерге есірткі тасымалдаумен айналысқан Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Күдіктіден екі килограмнан астам есірткі тәркіленді.

Қарағанды облысы Алматы – Екатеринбург тасжолында ірі көлемдегі синтетикалық есірткі заттарын тасымалдаған есірткі таратушы ұсталды. Автокөлік салонын тінту барысында бір килограмм альфа-PVP синтекалық есірткісі тәркіленді.

"Тәркіленген синтетикалық есірткінің жалпы салмағы алты килограмнан астам. Бұл заңсыз айналымға түсуі мүмкін 18 мыңнан астам бір реттік дозаның жолы кесілгенін білдіреді. Яғни, мыңдаған жастардың өмірі мен денсаулығына зиян келмеді. Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі іс жүргізу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта өзге де қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жазғы демалыс қарсаңында ІІМ жастарды есірткі таратып, "жеңіл ақша" табу туралы жалған ұсыныстарға алданбауға шақырады. Есіңізде болсын: қылмыскерлер сізді "шығын" ретінде ғана пайдаланады. Өз жақындарыңыз туралы ойланыңыз!" – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде "Қазақстан Халық Кеңесі" туралы Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Амнистия аясында бірнеше миллиард теңгенің айыппұлы кешірілуі мүмкін

Алматы полициясы Сәуле Базарханның клиникадағы қазасына қатысты пікір білдірді

Құрбан айт: Астанада құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді

Астанада лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар басталады