Көкшетауда тағы бір жол апаты болды: көлік тізгіндеген әйел тротуардағы ана мен баланы қағып кетті

Фото: Zakon.kz
19 мамыр күні Көкшетау қаласында жол талғамайтын көлік тротуарға шығып кетіп, ондағы әйел мен баланы қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл Көкшетаудағы осыған ұқсас екінші жол апаты. Бұған дейін, 9 мамыр күні, қаладағы аулалардың бірінде 52 жастағы әйел көлік астына түсіп қаза тапқан еді. Ол кезде көлікті жүргізуші куәлігі жоқ әйел тізгіндеген. Оған көлікті күйеуі берген, қазір екеуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.

КТК дерегіне сүйенсек, бейнебақылау камераларына түскен кадрларда кроссовер көлігі тұрақ орнына бұрылмақ болғаны көрінеді. Алайда жүргізуші көлікті басқара алмай, тротуарға шығып кеткен. Сол сәтте жол жиегімен анасы мен қызы кетіп бара жатқан. Көлік қыз баланы қағып, тек көгалға барып тоқтаған. Абырой болғанда, анасы мен қызы ауыр жарақат алмаған.

Ақмола облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Әсем Абдрахманованың айтуынша, кәмелетке толмаған қыз жеңіл жарақат алған. Дәрігерлер тексергеннен кейін ол үйіне жіберілген. Баланың ата-анасы жүргізушіге қатысты шағым түсіруден бас тартқан. Соған қарамастан, жүргізушіге 65 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұған дейін Бестөбе шахтасының опырылып, заңсыз алтын іздеген екі кенші қаза тапқанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда