Қаскелеңде құдыққа соғылған велосипедтегі баланың омыртқасы мен жағы сынған

Фото: Zakon.kz
Алматы облысында дұрыс орнатылмаған құдық қақпағының кесірінен жасөспірім ауруханадан бір-ақ шықты. Велосипед тізгіндеген ол алдында жатқан шойын темірді байқамай, қатты екпінмен соғылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК дерегіне сүйенсек, оқиға үш күн бұрын Қаскелең қаласының шыға беріс көшесінде болған. Оныншы сынып оқушысының оңбай құлағаны соншалық, омыртқа мен жақ сүйегі сынған. Дамирдің анасы ұлымның жағдайы ауыр деп зар жылауда. Мұның бәрі құрылыс жұмысына салғырт қараған шенеуніктердің кесірінен, дейді ол.

Апатқа дейін мұндағы жаяу жүргіншілер жолы ойқы-шойқы болыпты. Әкімдік тарапы осыған дейін құдықтың беті біркелкі, тегіс тұрғанын айтады. Алайда оның қақпағын әлдекімдер ұрлап кеткеннен кейін, уақытша бетонмен жабуға тура келіпті. Дегенмен бұл құрылысқа "біз жауапты емеспіз" деп ат‑тонын ала қашты.

"Уақытша ашық болғаннан кейін, біз адам құлап түспесін деп, бетін бетонмен жауып қойдық. Оның өзі бір адам құламасын деген. Біздің тарапымыздан қателік емес. Ол бойынша айтып жатырмын ғой, тапсырыс беруші – су шаруашылығы комитеті. Мердігер "Алматы ИНЖ Строй". Осы аталған шара бойынша хат жолданды. Қазір біз де әкімдік тарапынан қарастырамыз. Басшылықпен ақылдасамыз, қандай көмек көрсететінімізді, нақтылап жауап береміз".Нұрлан Төлепберген, Алматы облысы Қарасай ауданы әкімінің орынбасары:

Бұған дейін Көкшетауда тағы бір жол апаты болғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде "Қазақстан Халық Кеңесі" туралы Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Амнистия аясында бірнеше миллиард теңгенің айыппұлы кешірілуі мүмкін

Алматы полициясы Сәуле Базарханның клиникадағы қазасына қатысты пікір білдірді