Павлодарда есірткі таратушының жолы кесілді

Фото: Zakon.kz
Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген арнайы операция барысында Павлодар қаласында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысты деген күдікпен ер адам ұсталды.

Бұл туралы Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нұржан Байбуринов айтты.

Тергеу барысында күдіктінің есірткі таратумен айналысатын жасырын интернет-дүкенде "жасырушы" қызметін атқарғаны анықталды.

Тінту кезінде оның тұрғылықты мекенжайынан синтетикалық есірткі салынған екі орама тәркіленді. Сонымен қатар қала аумағындағы арнайы жасырылған орындардан да осындай есірткі заттары салынған жасырын қоймалар табылып, алынды.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 5 грамнан асты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың есірткінің заңсыз айналымына қатысты өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Полиция интернеттегі "оңай ақша" туралы ұсыныстардың соңы қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Қылмыстық схемаларды ұйымдастырушылар өз қауіпсіздігін ойлап, негізгі қатерді орындаушыларға жүктейді. Аз ғана табыс үшін өміріңізді, болашағыңызды және жақындарыңыздың сенімін тәуекелге тікпеңіз.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Құрылтай депутаттарын сайлау: шетелдегі учаскелер қалай жұмыс істейді

Алаяқтар қазақстандықтарды қалай алдайды – ең көп таралған айла-тәсілдер аталды

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы декларацияны кім тапсырады

Қазақстандықтар eGov.kz және мемлекеттік сайттардың жұмысындағы ақауларға шағымданды

31 мың көрермен және 50 елден келген жанкүйерлер: Алматы Канье Уэстің концертінен қанша табыс тапты