Рудныйда өртенген көпқабатты тұрғын үйден 14 адам эвакуацияланды

Сурет: pixabay
ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде төрт адамды құтқарып, 14 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Рудный қаласында Космонавтов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

"ТЖД күштері автосатының көмегімен төрт адамды құтқарды. Сонымен қатар баспалдақ маршымен 14 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды". ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметі

Өрт 20 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Қазақстанның Азаматтық кодексіне қандай өзгерістер енгізу ұсынылды

Алматы-1 вокзалы жақын күндері ашылады

Президент жанындағы Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына өзгеріс енгізілді

"Кідіруге уақыт жоқ" – Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысын таныстырып, компанияда тәртіп орнатуды талап етті