Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Сурет: akorda.kz
2026 жылдың 25 мамырында Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі ұсынған ресми ақпаратқа сүйенсек, кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы мәлімет берілді.

Елорданың әкімі Астанада барлық басты экономикалық көрсеткіштер бойынша оң қарқын байқалатынын жеткізді.

Биылғы төрт айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 588 миллиард теңгені құрады. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 9,1 пайыз жоғары. Олардың арасында өңдеу өнеркәсібі, білім, медицина, көлік, сауда, логистика салаларына қатысты жобалар бар. Жеңіс Қасымбек

Сонымен қатар, Жеңіс Қасымбаек бүгінде Astana LRT жеңіл рельсті көлік желісі толық жұмыс істеп тұрғанына тоқталды.

Елорданың қоғамдық көлік жүйесін жандандыру мақсатында жобаның екінші кезеңі пысықталуда. Жеңіс Қасымбек

Кездесу барысында Астана әкімі әлеуметтік нысандардың құрылысы, тұрғын үй алаптарын көркейту жөнінде де айтты.

"Соңғы жылдары Астанада 44 мектеп салынған. Ал жаңа оқу жылында 12 білім ошағы ашылады. Сонымен қатар 2 оқушылар сарайын және 6 балабақшаны ел игілігіне беру жоспарланып отыр. 2028 жылға дейін 2 перинатальды орталық, көпбейінді аурухана және диагностикалық кешеннің құрылысы аяқталмақ." Жеңіс Қасымбек

Жеңіс Қасымбек сонымен қатар, қаланың инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымы, Smart City жобасының іске асырылуы туралы баяндады.

"2026 жылы 173 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру, 1,1 миллион түп жасыл желек егу көзделген." Жеңіс Қасымбек

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалап, елорданы одан әрі дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

Қазақстан
Молния
Астана
Қасымбек Жеңіс
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда полиция атынан жалған айыппұл жіберу деректері көбейген

Алатау қаласы арнайы мәртебеге ие болады: Заң жобасы әзірленді

Қазақстанда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды жедел тіркеу іске қосылады

Қазақстанда диқандарға арналған дизелге цифрлық және түстік бақылау енгізді