"Қастандықпен өлтірді": Алматыда бірнеше күннен бері із-түссіз жоғалған жігіттің мәйіті жер қойнына тапсырылды

Фото: unsplash
Алматыда із-түссіз жоғалған Ерзат Егінбайдың мәйіті қала сыртындағы көлден табылды. Марқұмның туыстары оның өздігінен суға кеткеніне сенбейді. Айтуларынша, Ерзаттың мойнында көгерген іздер болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана ТВ дерегіне сүйенсек, 26 жастағы Ерзат Алматыдағы "Саяхат" автовокзалының маңында геодезист көмекшісі болып жұмыс істеген. Мамырдың 19-ы күні ол бастығынан дүкенге барып келуге сұранып шыққан. Алайда көп ұзамай аялдамада бөгде біреумен телефон арқылы сөйлескені бейнебақылауға түскен. Кейін автобусқа мініп, Еңбекшіқазақ ауданына қарай жол тартқан. Туыстарының айтуынша, Ерзат кейін Космос ауылына барған. Сондай-ақ, оның ақ футболка киген белгісіз адаммен бірге жүргені де камера жазбаларынан байқалған.

"Баламның мәйіті табылған жер күнделікті өміріне ешқандай қатысы жоқ. Мұны "суицид" деп айтуға болмайды. Қастандықпен өлтірілген балам. Камералардың барлығын балаларым өздері ашып, өздері следовательге беріп отырды. Следовательдердің жұмысы өте әлсіз болды. Уақытында шықпады, ертерек қимылдамады. Егер ертерек қозғалса баламызды тірі табар ма едік".Толша Кусаинова, марқұмның анасы

Ерзат хабарсыз кеткен күні кешке отбасы бірден полицияға арызданған. Алайда жақындары тәртіп сақшылары алғашқы үш күнде іздеу жұмыстары жүргізілмейтінін айтып, тек төртінші күні әрекетке көшкенін айтады. Қазір Алматы облысының полициясы қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтауға кіріскен.

"Бұрын хабар-ошарсыз кеткен адамның мәйітінің табылу фактісі бойынша полиция қызметкерлерімен қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілді. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Тергеу жалғасып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда".Ернар Сайдильдин, Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі:

Марқұмның артында аяғы ауыр жары қалды. Қайғыдан қан жұтқан отбасы әділ тергеу жүргізіліп, оқиғаның шындығы ашылсын деп талап етеді.

Қазақстан
Алматы облысы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі: толық мәтін

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?