Түркия азаматы Алматыда 1 млрд теңгеден астам қаржылық алаяқтық жасады

Фото: pixabay
Алматыда қаржылық алаяқтық жасаған Түркия азаматы сотталды. Прокуратура сот үкімін мүлікті тәркілеу бөлігі бойынша толық емес деп таныған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, 2026 жылғы 28 мамырда шетел азаматы өз бақылауындағы компаниялар арқылы нақты жұмыс орындалмаған және тауар жеткізілмеген жалған шот-фактуралар жазу бойынша заңсыз схема ұйымдастырған. Келтірілген залал 1 млрд теңгеден асқан.

"Осы қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде ол мүліктік пайда алып, оны заңдастырып, елордадан коммерциялық емес үй-жай сатып алып, оны жалға берген", – делінген қадағалау органының хабарламасында.

Бірінші сатыдағы сот оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, амнистия қолданған. Алайда мүлікті тәркілеу мәселесі толық қаралмаған.

"Кассациялық наразылық бойынша жоғары сот сот актілерін өзгертіп, қосымша жаза ретінде мүлікті тәркілеу тағайындады. Нәтижесінде аталған үй-жай мемлекет меншігіне өткізілді және оны жалға беруден түскен табыс та тәркіленді", – деп хабарлады Бас прокуратура.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтау әуежайында денесіне жасырып, 114 капсула опий алып өтпек болған шетел азаматы ұсталған еді.

Түркия
Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін