Қырғызстанда өзенге ағып кеткен баланы іздеуге қазақстандықтар да қосылды

Сурет: Instagram/mchs_chui
2026 жылғы 23 маусымда Қырғызстандағы Кегеті шатқалында қайғылы оқиға болды. Ішінде екі баласы бар отбасы отырған жеңіл көлік жардан құлап, өзенге түсіп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, көлік қозғалыс кезінде тежегіш жүйесінің істен шығуына байланысты жолдан шығып кетіп, өзенге құлаған.

Ата-анасы көліктен өз бетімен шығып үлгергенімен, балаларды өзеннің қатты ағысы алып кеткен. Кейін құтқарушылар қыз баланың мәйітін тапты. Алты жастағы ұл баланы іздеу жұмыстары бірнеше күннен бері жалғасып жатыр.

Shyndyk.kz басылымының мәліметінше, іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен 500-ге жуық ерікті тартылған.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнына жоғалған баланы іздеуге көмектесу үшін Қазақстаннан да еріктілердің келіп жатқаны туралы ақпарат тарады.

Сондай-ақ іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жерден түсірілген бейнематериалдар жариялануда. Кадрлардан өзен ағысының өте қатты екені байқалады, бұл құтқару және іздеу жұмыстарын едәуір қиындатып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Ресейдің Ингушетия республикасында да осындай қайғылы жағдай болған еді. 15 маусымда Қарабұлақ қаласындағы Сунжа өзенінің жағасында ойнап жүрген балалардың бірі ағын суға құлап кеткен. Сегіз жасар Хизир досын құтқару үшін суға секіріп, оны жағаға шығарып үлгерген. Алайда өзі өзеннің қатты ағысына түсіп қалып, із-түзсіз жоғалған.

Баланы сегіз күн бойы үздіксіз іздеді. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылармен қатар Ингушетия, Шешенстан және Дағыстаннан келген мыңдаған ерікті қатысты. 22 маусымда кішкентай батырдың мәйіті қайғылы оқиға болған жерден шамамен 10 шақырым қашықтықтан табылды.

Бұл оқиға бүкіл өңір жұртшылығын толқытып, мыңдаған адам Хизирді ақтық сапарға шығарып салуға жиналды.

Қазақстан
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды