Балық шаруашылығы комитеті Каспийдегі итбалықтардың қырылуына қатысты пікір білдірді

Фото: pexels
Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов 2026 жылғы 9 шілдеде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Каспий теңізінің жағалауынан табылатын өлі итбалықтардың ең ықтимал себептерін атады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, мұндай жағдай жыл сайын тіркеледі.

"Өлі итбалықтардың табылуы жыл сайын кездеседі. Ең көп жағдай 2024 жылы тіркеліп, шамамен 2 мың итбалықтың өлексесі анықталды. Бұл тек Қазақстан аумағында емес, бүкіл Каспий теңізінің акваториясында орын алады. Итбалықтар Әзербайжан немесе Иран аумағында қырылып, кейін батыстан соққан дауылды желдің әсерінен Ақтау жағалауына шығып қалуы мүмкін. Осы мәселеге байланысты жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, өлекселерді жинау және Каспий итбалығын сақтау бойынша өзара іс-қимыл алгоритмі қабылданды", – деді Серік Сермағамбетов.

Комитет төрағасы Каспий итбалығын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен мемлекеттік табиғи резерват құрылды. Қазіргі таңда ол Ақтау қаласында жұмысын бастады. Өткен жылы қыс мезгілінде бұл аумақта кеме қозғалысына шектеу қойылып, балық аулау учаскелерінің шекарасы Каспий итбалығының көші-қон жолдарынан алыстатылды. Соның нәтижесінде биыл табылған өлі итбалықтардың саны 230 болды. Бұл бұрынғы көрсеткіштен әлдеқайда аз. Зерттеулерге сәйкес, олардың қырылуына асфиксия, жер асты сілкіністері және газдың бөлінуі себеп болуы мүмкін. Мұндай жағдайда итбалықтар тұншығып қалады", – деді ол.

Бұған дейін Каспийдегі итбалықтардың қырылуына қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігі де пікір білдірген болатын.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда ветеринар мамандарға қосымша төлемдер мен үстемақылар енгізу ұсынылды

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Ресейде бес жасар қызын өлтірді деген күдікке ілінген әйел кінәсін толық мойындады

Павлодарда балық аулау дүкені өртеніп, 16 адам эвакуацияланды

Алматыда тәртіп сақшылары көшеде қансырап жатқан ер адамды құтқарды