Былтыр күзде із-түссіз жоғалып кеткен әйелдің мәйіті Алматы облысынан табылды

Фото: Zakon.kz
2025 жылдың қазан айында із-түзсіз жоғалып кеткен әйелдің мәйіті Алматы облысынан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

1984 жылы туған Қараой ауылының тұрғыны өзі тұратын қыстақтағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Әйелдің ұзақ уақыт хабарсыз кеткеніне алаңдаған жұбайы полицияға жүгінген.

"Астана ТВ" телеарнасының мәліметінше, құқық қорғау органдары әйелді іздеу үшін ауқымды іздестіру жұмыстарын жүргізген. Іздеу шаралары көршілес өңірлерде де ұйымдастырылған. Әйелдің нақты неден көз жұмғаны сот-медициналық сараптаманың қорытындысынан кейін белгілі болады.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Бұған дейін Маңғыстауда теміржолшы жұмыс орнында көз жұмғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Жамбыл облысында жер сілкінді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – 2024. Толық мәтін

Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес – сарапшылар дабыл қағуда

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдерге жаңа елшілерді тағайындады