Маңғыстауда теміржолшы жұмыс орнында көз жұмды
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Маңғыстау облысындағы теміржол станцияларының бірінде қайғылы оқиға болды. Разъезд кезекшісі жұмыс орнында өлі күйінде табылды. Ер адамның өліміне байланысты құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға туралы өңірлік Lada.kz басылымы жазды. Олардың мәліметінше, қайғылы жағдай 5 шілде күні №13 разъезд станциясында болған. Онда 1983 жылы туған теміржол қызметкері тіршілік белгілерінсіз табылған.
Осы оқиғаға байланысты Көліктегі полиция департаменті 2026 жылғы 9 шілдеде Zakon.kz тілшісіне тергеудің басталғанын растады. Сондай-ақ марқұмның өлімінің алдын ала себебі де айтылды.
"Теміржол ұйымы қызметкерінің кенеттен қайтыс болуына байланысты Маңғыстау станциясындағы көліктегі полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге жүректің созылмалы ауруы себеп болған", – деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаменті.
Қазіргі уақытта тергеушілер стратегиялық маңызы бар нысанда болған қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтап жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript