Жаңалықтар тізбегі
0

Батыс Қазақстан облысының балалар лагерлерінде бюджет қаражатын жымқыру және алаяқтық фактілері анықталды

БҚО прокуратурасы, балалар лагеріндегі заң бұзушылықтар, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2023 10:25 Сурет: Zakon.kz
Бәйтерек аудандық прокуратурасы Батыс Қазақстан облысындағы балалар лагерлерінде жүргізген тексеруден кейін құқық қорғау органдары екі бап бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасының 21 желтоқсан күні мәлімдеуінше, тексеру барысында прокуратура қызметкерлері облыстағы балалар лагерлерінен өрескел заң бұзушылықтарды анықтады.

Мәселен, "Достық" балалар лагерінің ғимараты апатты жағдайда екендігі және балалар лагері өзінің жұмысын санитарлық-эпидемиологиялық, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамай жүргізгендігі анықталған. Лагерьдің 13 жұмысшысында тиісті медициналық рұқсат қағазы болмаған.

"Балалар лагерінің меңгерушісі тұлғаларды жалған жұмысқа орналастыру арқылы бюджет қаражатын жымқырған және сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салғандығы анықталды", – деп хабарлады өңір прокуратурасы.

"Тәрбие жұмысы орталығы" МКҚК директорының да заңға қайшы әрекет еткені белгілі болды. Ол тиісті білімі мен біліктілігі жоқ баласын "Жас ұлан" балалар лагеріне жұмысқа заңсыз қабылданған. Оған белгіленген мөлшерден артық жалақы аударылған.

МКҚК директоры "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңның 50-бабының 1-тармағының 4-тармақшасы негізінде қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Артық аударылған жалақы мемлекетке қайтарылды.

"Бәйтерек ауданы прокуратурасының бастауымен Қылмыстық кодекстің 189-бабының 2-бөлігі (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қызмет бабын пайдаланып бөтеннің мүлкін талан-таражға салу) және 190-бабының 2-бөлігімен (қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық) қылмыстық істер тіркелді", – деп мәлімдеді прокуратура.

Кейіннен мемлекетке келтірілген залалдың толық көлемде өтелуіне байланысты қылмыстық істер ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: