БҚО-да алаяқтыққа қатысы бар күдікті анықталды

Фото: Zakon.kz
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Бөрлі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Ақсай қаласының 47 жастағы тұрғынына қатысты жасалған алаяқтық қылмысына күдіктіні анықтады.

Анықталғандай, бұрын танымайтын такси жүргізушісі жәбірленушінің ұлына жүргізуші куәлігіне қосымша санат ашып беруге көмектесетінін айтып, алдау жолымен оның 300 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын толық көлемде өтелді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға шақырады. Бейтаныс адамдардың жүргізуші куәлігін алу, мемлекеттік қызметтерді ресімдеу немесе құжаттарды заңсыз жолмен жылдамдатып береміз деген ұсыныстарына сенбеңіздер.

Мұндай қызметтердің барлығы тек заңнамада белгіленген тәртіппен ресми мемлекеттік сервистер арқылы көрсетіледі. Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін