Қазақстаннан 200 млрд теңгені заңсыз шығарған қылмыстық схема ашылды

Фото: Zakon.kz
Түркістан облысының прокуратурасы бірқатар заңсыз қаржы және контрабандалық схемалардың жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, жедел және арнайы іс-шаралар нәтижесінде жалған кәсіпкерлік субъектілері арқылы шамамен 200 млрд теңге көлеміндегі қаржы құралдарын алыс және жақын шетелдерге заңсыз шығару фактісі анықталды.

Сонымен қатар, аймақта заңсыз қаржылық және контрабандалық схемалардың қызметі тоқтатылды.

"Қырғыз Республикасынан контрабандалық жолмен темекі өнімдерін тасымалдап, оларды Түркістан облысы мен еліміздің батыс өңірлерінде өткізумен айналысқан тұлғалардың заңсыз әрекеттері тоқтатылды. Жедел іс-шаралар барысында жалпы құны 103 млн теңгені құрайтын темекі өнімдері тәркіленді",- деп мәлімдеді құзырлы орган.

Сондай-ақ, шекара маңында жүк көліктерінің жүргізушілерінен ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленді.

"Тергеу барысында заңсыз делдалдық қызметтен алынған қаражаттың бір бөлігі мемлекеттік орган лауазымды тұлғаларына пара ретінде берілгені анықталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 366 және 367-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық схемаға қатысы бар 23 тұлға анықталып, олардың 5-еуі күзетпен ұсталуда". Түркістан облысы прокуратурасы

Бұған дейін Ақтөбеде бопсалау және тонаумен айналысқан топтың әрекетіне тосқауыл қойылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы жарлыққа қол қойды

29 тамыз - Семей ядролық полигонының жабылған күні: жүргізілген сынақтардың зардабын кімдер тартуда

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа өкілеттіктер берілді: Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойды