Ипотекадағы пәтер әскери қызметшіні баспана алу құқығынан айырды: дау немен аяқталды

Фото: pexels
Ақмола гарнизонының әскери соты тұрғын үй комиссиясы баспанаға мұқтаж деп танудан бас тартқан әскери қызметшінің пайдасына шешім шығарды. Комиссияның бас тартуына Астанада ипотекаға алынған пәтердің болуы себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талап қоюшы М. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ақмола аудандық пайдалану бөліміне қарсы сотқа жүгінді. Даудың туындауына тұрғын үй комиссиясының 2026 жылғы 9 сәуірдегі шешімі негіз болған. Аталған шешімге сәйкес, елордада жылжымайтын мүлкі бар әйелді баспанаға мұқтаж деп танудан бас тартылған.

Алайда сот процесі барысында әскери қызметшінің бұл пәтерді "Отбасы банк" АҚ арқылы ипотекаға сатып алғаны анықталды. Комиссияға жүгінген кезде оның банк алдындағы кепіл міндеттемелері толық орындалмаған, ал жылжымайтын мүлікке ауыртпалық салынған.


"Іс материалдарын зерттеген сот тұрғын үй комиссиясы шешім қабылдау кезінде пәтердің ипотекалық кредит арқылы сатып алынғанын және банк алдындағы міндеттемелердің орындалмағанын ескермеген деген қорытындыға келді", – деп мәлімдеді 2026 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасы Әскери сотының баспасөз қызметі.

Нәтижесінде сот тұрғын үй комиссиясының 2026 жылғы 9 сәуірдегі шешімін заңсыз деп танып, оның күшін жойды. Қорғаныс министрлігіне әскери қызметшінің пайдасына шешім қабылдап, оны алғашқы баянаты тіркелген күннен бастап баспанаға мұқтаж деп тану, сондай-ақ сот шығындарын өтеу міндеттелді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Бұған дейін әскерден оралған қазақстандықтың жағымсыз жаңалыққа тап болғаны хабарланған еді. Істің неліктен сотқа жеткенін сілтеме арқылы білуге болады.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін