Алматыда жаппай жол апаты болып, орасан көлік кептелісі орын алды

Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 28 тамызда Алматыда жаппай жол апаты болды. Алдын ала мәлімет бойынша, саз балшық тиелген Sinotruk жүк көлігінің жүргізушісінің тежегіші істен шыққан, салдарынан ол бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысқан, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жаппай жол апаты Шығыс айналма тас жолында (ШАЖ) болды.

Куәгерлердің айтуынша, саз балшық тиелген Sinotruk жүк көлігі Шығыс айналма жолында Төле би көшесінен төменірек тұста бірнеше көлікті соғып, сығымдап тастаған. Содан кейін жүк көлігі Халиуллин көшесіне бұрылып, бетон қоршауға сүйкене жүріп, ақыры бір жақ бүйіріне аударылған.

Сурет: Zakon.kz

Жаппай жол апаты салдарынан Халиуллин көшесі, Талғар тас жолы бағытында қозғалыс іркіліп, көлік кептелісі пайда болды.

Сурет: Zakon.kz

Тілшіміздің есебі бойынша, жүк көлігі алты автокөлікпен соқтығысқан: Toyota Estima, Kia Cerato, Chevrolet Cobalt, Hyundai Elantra, Exeed және Geely.

Сурет: Zakon.kz

Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Ер адам сынық әрі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ Exeed көлігінде болған бала да зардап шекті. Оқиға орнына келген дәрігерлер оны қарады, бірақ ауруханаға жатқызу қажет болмады. Бірақ кейін ата-анасы баласының жағдайы дұрыс екеніне көз жеткізу үшін оны ауруханаға жіберуді талап етті.

Сурет: Zakon.kz

Кейін оқиға орнына жүк көлігін көтеру үшін кран келді.

Көлік жолдан алынғаннан кейін Талғар тас жолы бағытындағы жолдың бір жолағы ашылды.

Сондай-ақ бұл орайда оқиға орнында шашылған май аралас саз балшықтан пайда болған үйіндіні тазарту қажет болады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін