Маңғыстауда 44 келіден аса бекірені заңсыз тасымалдаған азамат ұсталды

Сурет: unsplash
Маңғыстау облысында құқық қорғау органдары Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген балықты заңсыз тасымалдау фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 21 қыркүйекте Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, демалыс орындарының біріне жақын маңдағы тасжолда полиция қызметкерлері "Арлан" арнайы жасағының жауынгерлерімен бірлесіп және прокуратураның қатысуымен Toyota Camry көлігін тоқтатқан. Оны 29 жастағы жүргізуші басқарған.

Көлікті тексеру барысында тәртіп сақшылары оның жүксалғышынан жалпы салмағы 44,5 келі болатын 10 бекіре балығын тапқан.

"Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген нысандар сот сараптамасына жіберілді", – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері істің барлық мән-жайын және Қызыл кітапқа енген балықты жеткізу арналарының кімге тиесілі екенін анықтау үшін тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды