Өскеменде металл қабылдау пунктінен 217 келі мыс ұрланған

Фото: Zakon.kz
Өскеменде полиция металл қабылдау пунктінен 217 келі мыс ұрлау дерегін ашты. Келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеден асты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, бірнеше қап мыстың жоғалғанын полицияға нысан иесі хабарлаған. Оқиғаны Ертіс полиция бөлімінің қызметкерлері тексерген.

Анықталғандай, белгісіз адам түнде нысан аумағына артқы жағынан кіріп, қоймадан мыс салынған сегіз қапты ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ұрлыққа қатысы бар деген күдікке ілінген адамдарды анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, олар ұрланған мысты аумақтан автокөлікпен алып шығып, кейін сатуды көздеген.

Келтірілген шығынның нақты көлемі 1 085 000 теңгені құрады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция нысан иелерін мүлкін тиісті күзетсіз қалдырмауға шақырды. Әсіресе түнгі уақытта аумақтар мен ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге назар аудару қажет екенін ескертті.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін