Сеулдегі құрылыс алаңында төбе опырылып, қазақстандық қаза тапты

Фото: Zakon.kz
Сеулдегі құрылыс алаңында бетон төбенің опырылуы салдарынан қазақстандық жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Yonhap басылымы жазды.

Басылымның мәліметінше, жасы шамамен 30-дағы ер адам Сочо ауданында салынып жатқан тұрғын үйдің 23-қабатындағы пәтерлердің бірінде тазалау жұмыстарының басталуын күтіп тұрған. Сол кезде бетон төбенің бір бөлігі опырылып, оның үстіне құлаған.

Оқиғадан кейін Оңтүстік Кореяның Еңбек министрлігі құрылыс алаңындағы жұмыстарды тоқтатты.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 1 қазанда Zakon.kz тілшісінің сауалына берген жауабында бұл ақпаратты растады.


"СІМ Қазақстан азаматының Сеулдегі құрылыс алаңында болған жазатайым оқиға салдарынан қаза тапқанын растайды. Кореяның құзыретті органдары оқиғаны тергеуге кірісті", – делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыс орнатып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр.

Бұған дейін қазақстандық велоспорт жаттықтырушысы Мақсат Аязбаевтың кәмелетке толмаған спортшыны зорлады деген күдікпен Үндістанда іздестіріліп жатқаны хабарланған еді.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін