Пәтерін тартып алу үшін қарияны ұрлап, азаптаған: Алматы прокуратурасы мәлімдеме жасады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматыда зейнеткерді ұрлап, пәтерін өз аттарына рәсімдеуге мәжбүрлеген үш адам сот алдында жауап береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 1 қазанда қала прокуратурасы күдіктілердің егде жастағы ер адамды ұрлап, бостандығынан заңсыз айырғанын мәлімдеді. Олар бірнеше күн бойы қарияға күш көрсетіп, мүлкін өздеріне беруді талап еткен.

Тергеу қорытындысы бойынша қылмысқа қатысы бар барлық адамға Қылмыстық кодекстің мына баптары бойынша айып тағылды:

"Қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Айыптау дәлелдемелері мен сотталушылардың іс-әрекеттеріне түпкілікті баға сотта беріледі", – деп мәлімдеді қадағалау органы.

2026 жылғы 29 сәуірде Алматы полициясы жалғыз тұратын 81 жастағы зейнеткерді ұрлағаны үшін екі ер адам мен бір әйелдің ұсталғанын хабарлаған еді. Қарияның танысы оның жоғалғанына алаңдап, полицияға хабар берген. Хабарлама бойынша әрекет еткен тәртіп сақшылары зейнеткерді қала маңындағы елді мекендердің бірінен, жергілікті тұрғындардың үйінен тапқан.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін