Шекарадағы тәулік бойғы кезекшілік: Қазақстанда жанармайды заңсыз әкетуге қарсы күрес қалай жүріп жатыр

Сурет: YouTube/mvdkontent
Бүгін, 2026 жылғы 5 қазанда, Ішкі істер министрлігі (ІІМ) жанар-жағармай материалдарын ел аумағынан заңсыз әкетудің жолын кесу бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 48 автомобиль өткізу пунктінде полиция қызметкерлерінің тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылған.

"Қосымша жанармай бактары орнатылған көлік құралдарына ерекше назар аударылады. Жыл басынан бері жалпы сыйымдылығы 150 тоннадан асатын қосымша бактарды заңсыз орнатудың 537 фактісінің жолы кесілді", – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Мәселен, 2 қазанда Жамбыл облысында жүк көлігіне рұқсатсыз 500 литрлік қосымша бак орнатқан көршілес мемлекеттің азаматы анықталған. Ер адам жауапкершілікке тартылып, қосымша бак алынып тасталған.

"Қосымша бактар алынып тасталып, жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады", – делінген ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомство жанар-жағармай материалдарын заңсыз әкетудің жолын кесу жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді.

Бұған дейін ІІМ Қазақстанда бір апта ішінде тіркелген құқық бұзушылықтар туралы алаңдатарлық статистиканы жариялаған еді. Осыған байланысты ведомство азаматтарға маңызды үндеу жасады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін