Алматылықтар метроға кіреберістегі ұзын-сонар кезекке шағымданды: себебі неде

Сурет: Threads/aneli.ashirbek
Әлеуметтік желілерде Алматы метросының кіреберісінде адамдардың шоғырланып тұрғаны түсірілген видеолар жиі жариялана бастады. Метрополитен өкілдері мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала тұрғындарының айтуынша, бұрын салыстырмалы түрде адам аз болатын метрода қазір жолаушылар көбейіп, орын тарлық ете бастаған.

Кейбір қолданушылар кезектің тексеру қақпаларына байланысты туындайтынын атап өтті.

Метрополитен өкілдері жолаушылар көбейген уақытта олардың өтуін реттеуге мәжбүр екенін растады.

"Қарбалас уақыттың кейбір кезеңдерінде Алматы метрополитені станцияларында жолаушылар ағыны артады. Осыған байланысты полиция қызметкерлері адамдар шоғырланған жерлерде белгіленген алгоритмге сәйкес жолаушыларды ретімен өткізеді. Бұл шара жолаушылар ағынын біркелкі бөлуге, кассалар мен кіреберістегі турникеттердің алдында адамдардың шоғырлануына жол бермеуге, сондай-ақ жолаушылардың электр пойыздарына қауіпсіз мінуін қамтамасыз етуге бағытталған", – деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Сондай-ақ метрополитен тиісті қызметтермен бірлесіп, жолаушылар ағынын реттеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап жатқанын хабарлады.

Қыркүйектен бері метрода жолаушылар саны айтарлықтай өскен. Мәселен, 1 қыркүйекте таңертеңнен сағат 15:00-ге дейін метро қызметін шамамен 40 мың жолаушы пайдаланған.

Сонымен бірге жолаушыларды тексеру өз нәтижесін беріп жатыр. Кеше, 13 қазанда полиция оқ-дәрілер табылғанын хабарлады. Ал қыркүйекте қалтасынан заңсыз зат салынған түйіншек табылған жолаушы ұсталды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін