"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылы 22 қарашада сағат 12:00-де ауа райының келесі республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді:
- "Қостанай — Мамлютка" тас жолының 226-406 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы — Мамлютка қаласы);
- "Петропавл — Соколовка — РФ шекарасы" тас жолының 11-73 шақырым аралығы (Петропавл қаласы — РФ шекарасы);-
- "Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы" тас жолының 491–521 шақырым аралығы (Петропавл қаласы — Мамлютка қаласы).
Сондай-ақ 2026 жылғы 22 қараша сағат 12:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Қостанай — Мамлютка" тас жолының 163-226 шақырым аралығында (Ұзынкөл ауылы — СҚО шекарасы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілгені нақтыланады.
Бұған дейін 22 қарашада синоптиктер еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауатынын, көктайғақ болатынын ескерткен.