Балқаш көліне балық алауға кетіп, оралмаған ер адам аман-есен табылды
Сурет: magnific
Таңертең ер адам Қарағанды облысы, Приозерск қаласынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан Балқаш көлінің акваториясына моторлы қайықпен балық аулауға шығып, алайда қайта оралмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Хабарлама түскен бойда іздестіру-құтқару жұмыстары ұйымдастырылып, оған ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Іздестіру жұмыстары барысында ТЖМ құтқарушылары ер адамды көл акваториясынан, жағалаудан 24 шақырым қашықтықта тапты.
"Белгілі болғандай, балық аулау кезінде моторлы қайықтың қозғалтқышы істен шығып, ер адам өздігінен жағаға жете алмаған. Ер адам жағаға жеткізілді. Ол медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", делінген төтеншеліктер хабарламасында.
Бұған дейін Қостанай облысында үш балықшы суға батып, көз жұмғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript