Қостанай облысында үш балықшы суға батып, көз жұмды

Балықшы, Қостанай облысы, суға бату, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2026 19:52 Сурет: primeminister.kz
Қостанай облысында 2026 жылғы 20 қазан мен 14 қараша аралығында балық аулауға шыққан үш ер адам суға батып кетті. Қайғылы оқиғалар күзгі балық аулау кезеңінде тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алау" басылымы облыстық ТЖД-ға сілтеме жасай отырып, қайғылы жағдайлардың үш ауданда тіркелгенін нақтылайды:

  • 20 қазанда Әулиекөл ауданы, Диевка ауылы маңындағы Мырзакөл көлінде Тобыл қаласының 60 жастағы тұрғыны суға батып кетті.
  • 7 қарашада Ұзынкөл ауданы, Амречье ауылының маңындағы Бабье көлінде іздеу тобы қамыстың арасынан, жағадан 500 метр қашықтықтан 61 жастағы ер адамның денесін тапты. Іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полицейлер, әкімдік қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.
  • 14 қарашада Бейімбет Майлин ауданы, Евгеновка ауылының маңындағы Матай көлінен Қостанай ауданы Константиновка ауылының 53 жастағы тұрғынының денесі судан табылды.

ТЖД деректері бойынша, өткен жылдың осындай кезеңінде өңірде суға батқандар бойынша бір де бір дерек тіркелмеген.

Бұған дейін құтқарушыларға Бұқтырма су қоймасының қамыстары арасында адасып қалған төрт балықшы туралы хабар түскен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: