Үйден кетіп, байланыссыз қалған азамат үш айдан кейін аман-есен табылды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2026 10:23 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Сәуірден бері іздеуде болған павлодарлық ер адам Қарағанды облысынан аман-есен табылды.

Шілде айында полицияға ер адамның анасы хабарласып, ұлының сәуір айында үйден шығып кеткенін, содан бері оралмағанын әрі байланысқа шықпағанын айтқан.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары хабар-ошарсыз кеткен азаматтың Қарағанды облысы Саран қаласының маңындағы дала аумағында жүргенін анықтады. Белгілі болғандай, ер адам табыс табу үшін жұмысқа кеткен.

Жолда телефонын жоғалтып алғандықтан, жақындарымен байланыса алмаған. Жаңа телефон сатып алуға қаражаты болмаған. Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, оған қатысты ешқандай қылмыс немесе құқық бұзушылық жасалмаған.

Полицейлер өңір тұрғындарын тұрғылықты немесе уақытша тұратын жерінен ұзақ уақытқа кететін жағдайда бұл туралы міндетті түрде туыстары мен жақындарына алдын ала хабарлауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: