ШҚО-да орманға жидек теруге кетіп, жоғалған қария екі күннен кейін аман-есен табылды

Орман, ШҚО, Алтай, қария, жоғалған, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2025 19:55 Сурет: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысында 23 шілде күні Толстуха тауы бағытында жидек теруге шығып, үйіне оралмаған 86 жастағы Средигорное ауылының тұрғыны аман-есен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Барлығы 30-ден астам адам қатысып, таулы-орманды аумақта іздеу жұмыстарын тәулік бойы жүргізді.

"25 шілде күні зейнеткерді полиция қызметкерлері аман есен тапты. Оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ". ШҚО ПД баспасөз қызметі

Жоғалған азаматтың ұлы полиция қызметкерлеріне жедел және кәсіби әрекеті үшін алғыс білдірді.

Бұған дейін Павлодар облысында жоғалған бала аман-есен табылғаны белгілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: