Жамбыл облысында балық аулауға барып, инспекторлармен қырқысқан ер адам айыппұл арқалады

Балық аулау, броконерлік, Жамбыл облысы, айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2025 18:13 Сурет: unsplash
Жамбыл облысында балық аулауға шыққан ер адам балық шаруашылығы инспекторымен қызылкеңірдек болып қырқысып, ақыры айыппұл арқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жуалы аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 434-б. 1-б. (Ұсақ бұзақылық) бойынша азамат О.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, 2025 жылдың ақпанында балық шаруашылығы инспекциясымен "Теріс-Ашыбұлақ" су айдынында жүргізілген рейдтік іс шара барысында, мұздық үстінде тиісті рұқсат қағазсыз балық аулап отырған азамат О-ны байқайды.

"Инспекторлардың жеке басын анықтайтын құжатты сұрағанына өзін таныстырудан бас тартып, оларға бағынбай балағат сөздер айтып қарысылық көрсетті. Нәтижесінде, инспекция қызметкерлері полиция шақыруға мәжбүр болған", делінген Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі хабарламасында.

Cот отырысында құқықбұзушы өзінің кінәсін толық мойындап, жасалған іс әрекетіне өкінетінін көрсетті.

Сот қаулысымен ӘҚБтК-нің 434-б. 1-б. бойынша О. кінәлі деп танылып оған 78 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: