Жаңалықтар тізбегі
0

Атырауда достарымен бірге балық аулауға шыққан ер адам із-түзсіз жоғалып кетті

Атырау облысы, іздеу жарияланған адам, балық аулау, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2023 17:32 Сурет: Telegram/police_of_kz
Атырауда 10 қыркүйек күні достарымен балық аулауға кетіп, қайта оралмаған ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, 10 қыркүйек күні 1987 жылы туған Ербол Құсайыновтың жақындары полицияға оның достарымен бірге балық аулауға кетіп үйге оралмағанын хабарлаған.

"Полиция департменті, Төтенше жағдайлар департаменті және Ұлттық ұланның 80 сарбазы мен кинология бөліністері және сүңгуірлер іздеу жұмыстарына жұмылдырылған", – делінген хабарламада.
Атырау, балық, іздестіру жұмысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2023 17:32

Сурет: Telegram/police_of_kz

Бүгін үшінші күн қатарынан Атырау облысында құзырлы органдар жоғалған азаматты іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазақстанның үш облысында алты күннен бері үштөбелік 15 жастағы мектеп оқушысы Ақерке Жолдасова іздестіріліп жатыр.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: