Жамбыл облысында шетелдік бастығын ұрған зауыт жұмысшысы ірі айыппұл арқалады

Айыппұл, Мойынқұм, зауыт, Қытай, бастық, ұру, жұмысшы, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2025 19:39 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Жамбыл облысында өзінің бастығы - шетел азаматына қол көтерген ер адамның ісі сотта қаралды. Оған айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мойынқұм аудандық соты денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу фактісі бойынша ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады. Сотта 2025 жылдың маусымында зауыт қызметкері өзінің бастығы инженер-технолог Ю-ға (Қытай Халық Республикасының азаматы) жұмыс уақытының табеліне қол қойдыру үшін келгені, бастық одан бас тартқандықтан арада дау туындап, сотталушы ашуланып, жәбірленушінің бетіне және денесіне бірнеше рет соққы жасап, оған физикалық ауырсыну мен жарақат келтіргені анықталды. 

Сотталушының кінәсі тараптардың, куәлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініп, жәбірленушіден кешірім сұрап, соттан оны қатаң жазаламауды сұрады.

Жәбірленуші сотталушыны кешірмейтінін айтып, оның 1 млн теңге моральдық залал мен сот шығыстарын өндіріп алу туралы азаматтық талап қоюын қанағаттандыруды сұрады.

Сот кінәні мойындауды және шын жүректен өкініш білдіруін жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.


"Сот үкімімен зауыт жұмысшысы ҚР ҚК-нің 109-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 40 АЕК (157 280 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар, сот Ю-дың азаматтық талап қою арызын ішінара қанағаттандырып, Д-дан 500 мың теңге көлемінде моральдық зиянның өтемақысын және өкілдік шығыстарды өндіріп алды".Мойынқұм аудандық сотының баспасөз қызметі

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: