"Сергек" камерасына оқ атқан жамбылдық ірі айыппұл арқалады

Сергек, камера, оқ ату, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, сот үкімі, айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2026 20:58 Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысында ер азамат "Сергек" камерасын талқандағаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылы 19 қаңтарда Байзақ аудандық соты 2025 жылғы желтоқсанда сотталушы "Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ" тас жолында пневматикалық мылтықтан оқ атып, "Сергек" бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу камерасына қасақана зақым келтіргенін анықтады.

"Сотта құқық бұзушы өзінің кінәсін толық мойындап, келтірілген залалдың ішінара өтелгені туралы хабарлады. Жәбірленуші тарап залал толық көлемде өтелмегенін көрсетті. М-нің кінәсі хаттамамен, полицияның хабарламасымен, жәбірленушінің жазбаша арызымен және құқық бұзушының айғақтарымен дәлелденді. Сот қаулысымен М. ӘҚБтК 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 196 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды", делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енді.

Бұған дейін ата-ананың балаларының көзінше темекі шегуі мен ішімдік ішуі де қылмысқа жататынын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: