Көліктен отшашу атқан жамбылдық азамат жауапқа тартылды

Көліктен отшашу атқан жамбылдық азамат жауапқа тартылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2025 15:35 Сурет: Жамбыл облысы ПД
Жамбыл облысында көлікпен от шашу жасаған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Меркі ауданында болған.

"Құқық бұзушы сағат түнгі 03.00 шамасында ауданның орталық көшесінде автокөлігінің артқы жүк салғышының үстіне пиротехникалық затты (скотчпен) жабыстырып, көлігін жүргізе отырып, айналаға от шашу жасаған. 28 жастағы ер адамға ҚР ӘҚБТк-нің 436-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды",- деп мәлімдеді өңір полициясы.

Осы бап бойынша жаза пиротехникалық бұйымдарды тәркілей отырып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Бұған дейін Павлодар облысындағы Жаңа жыл күнгі "ене мен күйеу баланың" жанжалы сотта қаралғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: