Таразда Lada көлігімен дрифт жасаған 18 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды
Сурет: pixabay
Таразда көлікпен дрифт жасаған 18 жастағы жүргізуші ұсталып, жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция мәліметінше, заң бұзушылық әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде анықталған.
Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстары барысында Жигули автокөлігімен жол ережесін бұзған 18 жастағы Тараз қаласының тұрғыны екені анықталды. Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі
Аталған көлік иесіне жол ережелерін қатаң түрде бұзғаны және айналасына қауіп төндіргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабының 1-бөлігімен (Жол жабындысын ластау), ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 5-бөлігімен (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) және ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігімен (Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (Жүргiзіп-үйренуден басқа) басқаруы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығы 214 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript