Петропавлда жаяу жүргіншілер көшесінде дрифт жасаған тұрғын жауапқа тартылды

Петропавлда жаяу жүргіншілер көшесінде дрифт жасаған тұрғын жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.04.2026 22:06 Сурет: polisia.kz
Петропавлда жаяу жүргіншілер көшесінде дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

11 сәуір күні түнгі сағат 03:00 шамасында Петропавл қалалық полициясына бірнеше шағым түсті. Тұрғындар BMW автокөлігінің жүргізушісі Қазақстан Конституциясы көшесі бойында қауіпті маневрлер жасап, қоғамдық тәртіпті бұзғанын хабарлаған.

Оқиға бейнебақылау камераларына және куәгерлердің телефондарына түсіп қалған. Полиция қызметкерлері көп ұзамай құқық бұзушыны анықтап, оны уақытша ұстау изоляторына қамады.

18 жастағы қала тұрғынына қатысты әкімшілік материалдар жиналып, 13 сәуір күні сотта қаралды. Ол төрт бап бойынша жауапкершілікке тартылды:

  • апаттық жағдай туғызу
  • маневр жасау қағидаларын бұзу
  • тыныштықты бұзу
  • ұсақ бұзақылық

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстануға және өзге адамдардың қауіпсіздігі мен тыныштығына құрметпен қарауға үндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: